29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысында туристік әлеуетін көпшілікке кеңірек таныту мақсатында «Жетісудың 7 кереметі» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соның аясында жобаға таңдалып алынған жеті нысанның ерекшелігі мен сипатын ашатын бейнероликтер түсіріліп ұсыныла бастады.
Атап айтқанда, «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы тарапынан іске асырылып отырған жобаның алғашқы бейнеролигі «Алтынемел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркіне арналады. Соның ішінде «Алтынемел» паркінің табиғи ландшафтары, археологиялық ескерткіштер мен сирек кездесетін флорасы мен фаунасы, биіктігі 150 метрді құрайтын үлкен құмды төбе – музыкаға ұқсас дыбыстар шығаратын қасиетімен танымал «Айғайқұм», Ақтау және Қатутау таулары, оған қоса ұзақ жыл тіршілік етудің көрнекті белгісіне айналған 700 жылдық Ива ағашының да ерекшелігі таныстырылады. Бұдан бөлек, Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан «Бесшатыр сақ қорғандары» сақ-тиграхауд билеушілері қорғандарының археологиялық кешені де бейнероликте кеңінен насихатталады.
«Жетісудың 7 кереметі жобасы» аясында басқа да нысандар бойынша әзірленген танымдық бейнероликтер көпшілікке апта сайын ұсынылады деп жоспарланған. Жалпы жоба өлкеге туристерді көптеп тартуға ықпал етуді, сол сияқты аймақтағы табиғи-тарихи орындар туралы халықтың танымдық білімін кеңейтуді мақсат етіп отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек