Жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында Honda Element автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік жолға кенеттен шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.
Оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болды. Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.