Жетісуда жедел жәрдем жүк көлігіне соқтығысты

18 Тамыз 2023, 12:35 679

Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан - Матай автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігінің соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: