21.10.2022
17:39
1506
Жаңалықтар

Жетісуда трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты

Жетісу облысында трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды El.kz polisia.kz cайтына сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні Кербұлақ ауданы Шаған ауылында болған. Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған. Ол Қонаев көшесінде рульге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.