Жетісу облысында төтеншеліктер құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Достық-Мақаншы" автожолында жүк автокөлігі қар құрсауында қалып қойған жүргізуші 112 пультіне жүгінген. Қатты боран жағдайында ТЖМ құтқарушылары шақыру орнына шұғыл жетті. Алакөл ауданының Достық станциясындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін фураның жүргізушісі мен жолаушысын эвакуациялады.
Саяхатшылар аман-есен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады,-делінген ТЖМ мәліметінде.