06.08.2025
22:05
2257
Жетісуда найзағай соққан ер адам иті және атымен бірге мерт болды

Жетісуда найзағай соққан ер адам иті және атымен бірге мерт болды

Қайғылы оқиға Ақешкі ауылында болған. Найзағай соққан кезде ер адам аты және итімен бірге мерт болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ер адамның қаза болуына байланысты полиция алдын ала тергеу басталды. Оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Полиция тұрғындарды, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындарды ауа райының қолайсыз кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.