Жетісуда есірткі зертханасынан 6 келіден астам мефедрон табылды

Кеше, 17:52 276

Ескелді ауданында полиция прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі шетелдік өз "қамқоршысының" тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды.

Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда.

Егер сіз есірткіні тұтыну немесе тарату фактілері туралы білсеңіз, бей-жай қарамаңыз — 102 телефонына хабарласыңыз (құпиялылық сақталады). Бұл ақпараттар өмірлерді құтқарып қалуы мүмкін.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: