10.08.2023
16:20
1283
Жетісуда ер адам 66 жастағы шешесіне қол көтерген

Жетісуда ер адам 66 жастағы шешесіне қол көтерген

Үштөбенің 48 жастағы тұрғыны өзінің өгей анасын ұрды деген күдікке ілініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

66 жастағы қарт әйелдің денсаулығына зиян келтіргені медициналық сараптамалар бойынша расталды.

Күдікті азаматқа ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады полициядан.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 1000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелген.