Жетісуда екі жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті

Жетісуда екі жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті

Жетісу облысында екі жеңіл көлік өзенді кесіп өту кезінде мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Талдықорған қаласынан 5 шақырым жердегі демалыс орны маңында болған. 

ТЖМ жедел-құтқару жасағының көмегімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды.

Барлығы 5 адам құтқарылды. Оларға  медициналық көмек қажет болмады.