Жетісуда екі адамды көлік қағып, көз жұмды

30 Шілде 2023, 19:18 860

Жетісу облысында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тас жолының 141 шақырымында болды. 29 жастағы Ауди көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Екі ер адам сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Оның барысында қажетті сараптамалар тағайындала отырып, өлімге әкелген ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталады. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Берік Арманов
Бөлісу: