Жетісуда 70-тен астам адамды сан соқтырған қылмыстық топ анықталды

10 Тамыз, 13:18 387

Жетісу облысында еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындарды сан соқтырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер алдау арқылы алаяқтықпен және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.
 
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталған. Олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсуде.
 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: