Жетісуда 15 жыл іздеуде жүрген адам қолға түсті

4 Мамыр 2023, 20:54 1174

51 жастағы ер адам Жетісу облысындағы Көксу ауданында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде "есірткі қылмысын жасады" деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген. 

Жетісу полицейлері Ресейдің Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін қабыл алып, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. 

Ұсталған ер адамға қатысты істің барлық мән-жайы анықталғанға дейін оған "келу туралы міндеттеме" шарасы таңдалды.

Берік Арманов
Бөлісу: