Жетісу құтқарушылары Абай облысында жұмысын жалғастыруда

6 Сәуір, 10:11 860

Абай облысындағы Аягөз ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылында Жетісу құтқарушыларының күшімен жол көпірінің бұзылуына байланысты, ауыл тұрғындарын Аягөз өзені арқылы өткізу ұйымдастырылды.

Соңғы үш күнде 155 адам жеткізіліп, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: