Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖетісу облысында мал басының саны 2,8 млн-ға жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соңғы төрт айдағы көрсеткіш бойынша асыл тұқымды мал саны 13,4%-ға артып отыр. Ет өндірісі 3,2%-ға, ал сүт өндірісі 2,6%-ға ұлғайған. Биыл ауа райының қолайсыз болуына қарамастан, 97,4 мың гектар алқапқа азықтық дақылдар егілді. Қыстауға дайындалатын жем-шөп көлемі 2,2 млн тоннаға жуық көрінеді.
Мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 7,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Сонымен қатар, ветеринариялық іс-шараларға 4,9 млрд теңге қарастырылған.
Саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2022–2025 жылдары 2 млрд теңге бөлініп, 71 ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция салынды. 2026 жылы тағы 16 пункт салынып, өңірдегі қажеттілік толық жабылады. Барлық ветеринариялық мекемелер интернетпен, вакциналарға арналған тоңазытқыштармен, арнайы автокөліктермен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында 2 жылжымалы инсинератор және 1 рефрижератор бар.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды