Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке барды

7 Шілде, 15:41 631

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды  құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты су ағысы алып кетті.

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керегін еске салды.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: