12.01.2025
09:27
838
Жетісу облысының өрт сөндірушілері жеңіл көліктегі өртті сөндірді

Жетісу облысының өрт сөндірушілері жеңіл көліктегі өртті сөндірді

Сарқан қаласы Қалиев көшесі бойында жеке тұрғын үйдің ауласында автокөлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар оттың одан әрі таралуына жол бермей, көлікті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.