13.06.2023
18:34
1601
Жетісу облысының әкімі өзін «ұйықтап жүрген» әкім дегендерге жауап берді

Жетісу облысының әкімі өзін «ұйықтап жүрген» әкім дегендерге жауап берді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев оны «ұйықтап жүрген» әкім деген журналистердің сынына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен түнде 4-5 сағат қана ұйықтаймын. Екіншіден, мен не істедім, соған жауап берейін. Облыс бөлінген кезде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша Жетісу облысы 19-шы, 20-шы орындарды иеленді. Енді 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық индикаторлар бойынша Жетісу облысы төртінші орынға ие болды. Бұл – менің жұмысым, - деп жауап берді Исабаев.

Әкім Алматы облысы екіге бөлінгенде, Жетісудың экономикалық құрылымы, бюджет кірісі, сондай-ақ әлеуметтік белсенділігі төмендеген еді. Әйтсе де соңғы 5 айдағы көрсеткіш жақсарғанын айта кетті.