09.06.2023
18:00
1267
Жетісу облысында жүргізуші мас күйінде жол апатына түсіп, қайтыс болды

Жетісу облысында жүргізуші мас күйінде жол апатына түсіп, қайтыс болды

Жетісу облысында ішімдік ішкен көлік жүргізуші жол апатына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданында болды. «Фольксваген Гольф-3» автокөлігін басқара алмай қалған 30 жастағы ер адам «Абай-Ешкіөлмес» тас жолында аударылды. Жүргізуші мас болған деп болжануда, – деді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.