Жетісу облысында жүк көлігі жолаушылар пойызына соғылды

24 Шілде 2023, 14:15 787

Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде, - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Осыған орай ҚТЖ жүргізушілерді қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: