22.07.2023
20:34
1895
Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушысы көз жұмды. Екі көліктің де жүргізушілері, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.