Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды.
Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерінен ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.