Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

26 Қыркүйек 2023, 16:14 1285

Оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көлігінің қатысуымен болды. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ мәліметінше, оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.

ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: