24.09.2022
16:01
2460
Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы 24-қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған, деп хабарлайды El.kz.

"Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды", делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.