Жетісу облысында жоғалған азамат табылды

Жетісу облысында жоғалған азамат табылды

Бүгін Жетісу облысы Панфилов ауданының Сарыбел ауылынан 35 шақырым қашықтықтағы «Қылдыққарағай» аумағында 1942 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары басталды. Ол 28 тамыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері жұмылдырылып, дронның (ҰҰА) көмегімен аумақты шолу жүргізілді.

ТЖД іздеу тобы Сарыбел ауылынан 15 км қашықтықтағы таулы аймақта азаматты тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады және үйіне жеткізілді.