Жетісу облысында жер сілкінді

14 Қаңтар, 09:19 1360

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 баллға дейін жеткен жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, прокуратураны және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Аймақтардағы жағдай нақтыланып жатыр. Қирау мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жансая Әділбек
Бөлісу: