27.02.2023
20:34
1382
Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

26 ақпан полицияға Теректі ауылының жергілікті тұрғындарынан топтық төбелес туралы қоңырау түсті. Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
 
Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.

ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.