Жетісу облысында заманауи шаңғы және биатлон кешені салынады

20 Қазан 2022, 13:26 2166

Президент Үкіметке тапсырма берді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды El.kz

«Жетісу еліміздің маңызды спорт орталықтарының бірі болды. Мұнда мықты велоспорт мектебі қалыптасты. Жуырда ғана велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында спортшымыз Евгений Федоров алтын медаль жеңіп алды. Жас чемпион аты аңызға айналған Андрей Кивилев атындағы жергілікті олимпиадалық резерв мектебінің түлегі. Осы сәтті пайдаланып, Евгений Федоровты тамаша жеңісімен құттықтаймын!», - деді Президент.

Бөлісу: