Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды

4 Қаңтар, 14:02 382

Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шықты. Достық станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.

Перизат Саденова
Бөлісу: