Кеше кешке ер адам Алакөл ауданы Көктума ауылынан Достық станциясына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпаған. Құтқарушыларға көмек сұрап туыстары жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ құтқарушылары Трэкол жол көлігін іздестіру жұмыстарына кірісті. Бүгін таңертең Үшарал-Достық автожолының 105 шақырымында ТЖМ күшімен қар құрсауында батып қалған жеңіл автокөлік табылып, жүргізуші Достық станциясына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж емес.