29.08.2023
10:00
1753
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясы басшысы орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген мәліметте.