Жетісу облысында қысқы чемпионат аяқталды

15 Желтоқсан 2023, 15:25 355

Текелі қаласында волейболдан ерлер және әйелдер командалары арасында Жетісу облысының қысқы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сегіз команда қатысқан чемпионат ойындары төрт күнге созылды. Ерлер командалары арасында Алакөл ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Панфилов ауданының, ал үшінші орынға Ескелді ауданының командалары ие болды.

Әйелдер командалары арасында Талдықорған қаласының командасына тең келер командалар болған жоқ. Олар биылғы қысқы чемпионаттың жеңімпазы. АЛ, Панфилов және Кербұлақ аудандарының командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

EL.KZ
Бөлісу: