Жетісу облысында қатты жауын екі көпірді шайып кетті

10 Шілде 2023, 14:35 1271

Жетісу облысында қатты жауын көпірді шайып кетті, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

9 шілде сағат 19:41-де Жетісу облысы Кербұлақ ауданында облыстық маңызы бар «Қарашоқы – Сарыөзек» автожолында жауын-шашынның мол түсуі салдарынан ағын пайда болды. Ол табиғи қуыс бойынша жоғарыда аталған автожолға тіреліп, алдын ала ақпарат бойынша 2 жерде орнатылған құбырлы өткелдерді шайған (диаметрі 0,75 құбырлы өткелдер су көлеміне төтеп бере алмаған), - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз:


Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеді.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың, полицияның, төтенше жағдайлар органдарының күштері мен құралдары жұмыс атқарып жатыр. Айналма жол бар. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік бекеттерін қойды, - делінген мәліметте.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: