30.06.2024
20:40
1074
Жетісу облысында өзеннен өте алмаған туристер құтқарылды

Жетісу облысында өзеннен өте алмаған туристер құтқарылды

Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ескелді ауданындағы Қора шатқалында - Текелі қаласынан 70 шақырым жерде құтқарушылар 4 адамды құтқарды.

Белгілі болғандай, олар үш жүк көлігімен өзеннен өту кезінде тұрып қалған. Сондай-ақ туристік топтың құрамында Бурхан-бұлақ сарқырамасынан қайтып келе жатқан 30 адам жағадан екінші жағалауға жеткізілді.

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.