Жетісу облысында өрт болған жерден алты газ баллоны шығарылды

25 Тамыз, 09:15 478

Жетісу облысының өрт сөндірушілері өрттен 6 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйінде өрт болды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрттен 6 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылып, өрт толығымен 75 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: