Оқиға бүгін Ақсу ауданындағы теміржол өткелінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 мамыр күні сағат 17:35 шамасында Матай станциясындағы теміржол өткелінде Mitsubishi Pajero маркалы жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Жүргізушінің жеке басы анықталу үстінде.
— Оқиға себебі — автокөлік жүргізушісінің жол жүру ережелерін бұзуы, — деп нақтылады компания өкілдері.