Жетісу облысында есірткі плантациясы анықталды

23 Маусым 2023, 05:25 938

Жетісу облысының Қаратал ауданында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірген адам анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Ескелді ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің жеке тұрғын үй учаскесінде марихуана өсірген.

Күдіктінің бақша учаскесінде марихуананың 105 бұтасы табылды. Сонымен қатар оның жеке үйінен 2 келіге жуық өсімдік тектес есірткі тәркіленді, - деді Қаратал аудандық ПБ Нұрболат Шаму.

EL.KZ
Бөлісу: