Жетісу облысында демалыс аймағында өрт шықты

Жетісу облысында демалыс аймағында өрт шықты

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда оқшауланды. 27 адам алдын ала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!, - делінген ТЖМ ақпаратында.