Жетісу облысында боранда шопан жоғалып кеткен

17 Ақпан, 05:05 923

Жетісу облысында полицейлер мен құтқарушылар боранда жоғалған шопанды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 16 ақпанда полиция қызметкерлеріне таңға жуық мал бағуға шығып кетіп, қайта оралмаған шопанның жоғалғаны туралы өтініш түсті. Алакөл аудандық полициясының жеке құрамы мен құтқарушылар із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге бағдарланды.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ер адам Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңынан, теміржол бойындағы вагоннан табылды.

Қатты қарлы боран мен жан-жақтың мүлдем көрінбеуінен мен барар жолымды жоғалтып алдым. Бірнеше сағаттан кейін мен кішкентай вагонды көріп, сол жерде боранның басылғанын күттім. Мені тауып, құтқарып алса екен деген тілекпен дұға етуден басқа еш амалым қалмады, өйткені мен мына аязда өз аяғымды мүлдем сезбей қалдым. Дұғаларым орындалып, полицейлер мен құтқарушылар аман-сауымда мені тапты. Мен оларға жанқиярлық еңбектері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін, – деді ер адам.

Ер азаматтың қолдары мен аяқтары үсіп қалған. Құқық қорғау органдары ер адамды дереу Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: