07.12.2022
20:49
1663
Жетісу облысында аюмен суретке түскен адам ұсталды

Жетісу облысында аюмен суретке түскен адам ұсталды

Жетісу облысының полицейлері атылған аюмен суретке түскен ер адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.