Жетісу облысында ағаш көшеттері отырғызылды

21 Қыркүйек, 16:07 436

Жетісуда экологияны жақсарту үшін 150 көшет отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысының аудандық және қалалық ТЖД бөлімшелерінде ауқымды көшет отырғызу шарасы өтті. Шараға 132 департамент қызметкері, соның ішінде олардың отбасылары қатысты.

Облыс орталығында департамент басшысының жетекшілігімен 99 көшет отырғызылды. Әр қатысушы өңірдегі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға маңызды үлес қосып, экология мәселесінде бірлескен күштердің маңыздылығын көрсетті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: