Жетісу облысында адасып қалған екі бала табылды

19 Шілде, 06:16 521

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылдары туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен.

Іздестіру операциясы барысында балалар демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауынан табылды. Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Оларға медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: