Жетісу облысында 4 жасар бала құтқарылды

13 Шілде, 15:15 767

Қарағанды облысының Сарқан ауданындағы Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ өкілдерінің іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Медициналық көмекке қажет болмаған.

ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:

суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;

қалқымалардан аса жүзуге болмайды;

мас күйінде суға түспеңіз;

су көліктеріне жақын жүзбеңіз;

тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылманыз;

балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: