Жетісу облысында 3 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр

10 Қыркүйек, 18:17 1488

7 қыркүйек күні күндізгі 10:00 шамасында үйден шығып кеткен бала төртінші күн әлі табылмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көксу бекетінің тұрғындары мен барлық құрылым өкілдері, еріктілер жабылып іздестіріп жатыр. Соңғы рет өзен бойындағы көпірден өтіп бара жатқанын көргендер бар екен. 

Балаларды далаға шығарып өзім ас үйде тамақ жасап жүргенмін. Балам аулада ойнап отырған. Арада 15 минуттай ғана уақыт өткен шығар, сыртқа шықсам Алдияр жоқ, -дейді баланың анасы Айнұр Бекжанова.

Алдияр — тоғыз баланың жетіншісі. Томаға-тұйық. Әдеті — бас бармағын үнемі аузына салып жүреді.

Бойы 60-65 см. Шашы ашық қоңыр. Дене бітімі орташа. Үйден шығып кеткенде үстіне сұр жемпір, қара шалбар киген. Аяқкиімі ақ түсті.

Көрген-білгендер болса 102 немесе 87472712124 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: