Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі табылды

18 Қыркүйек, 17:17 1141

Жетісу облысында Көксу ауылында жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бала Мұқаншы өзеніне батып кеткен, оның денесін іздестіру тобы тапты.

Жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлауға мәжбүрбіз. Өкінішке қарай, күдіктеріміз расталды. Баланың денесі Мұқаншы өзенінен табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына шын жүректен көңіл айтады. Барлық ересектерді (ата-аналар мен қамқоршыларды) балаларға мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз, - деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 жасар Алдияр 7 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Оны соңғы рет көпірдің үстінен көрген

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: