Жетісу облысында 10 мың қораптан астам заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

3 Шілде 2023, 11:29 651

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті Бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын, тіркеу және бақылау белгілері жоқ 10 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Осы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: