Жетісайдағы 7 жасар баланың видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Бүгiн, 15:37 490

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Жетісай қаласында түсірілген 7 жасар баланың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

TikTok-та bota770_ есімді қолданушы арба тасып күнелтіп жүрген 7 жасар ұлдың видеосын салып, оған қалай көмектесуге болатынын сұрады. Автордың айтуынша, баланың анасы қайтыс болған, ал өзінің құжаты жоқ.

«Саған кім қарайды?» – деп сұрады видеоға түсіріп тұрған келіншек.

«Әкем. Інім бар, оның жасы 5-те, ал мен 7-демін», - деп жауап берді ол.

Ал «Мектепте оқымайсың ба?» деген сұраққа:

«Құжаттарым жоқ қой», – деп жауап қатты.

Видеоға қатысты пікір білдірушілердің арасында көмектесуге ниет білдіргендер көп. Тіпті асырап алуға да дайын адамдар бар болып шықты. 

«Мен құжаттарын жасап берейін», «Тауып беріңіздерші мына баланы, әкесінің телефон нөмірі бар ма? Үй, жұмыс, мектеп – бәрін шешіп беремін», «Шот ашып, ақшалай көмектесейік», «Інісі екеуін маған беріңізші. Жалғыз қызым мен немеремді жерлегеніме үш жыл болды, баласыз өмірдің мәні жоқ, ал балалар үйінен бала асырап алу өте қиын», - деп жазған оқырман қауым.

@bota770_ #рек #рекомендации #жетісай #fyp #р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и #рек #врек #rek #рекомендации #CapCut #жетісайқаласы #жетісай ♬ оригинальный звук - Botakan

Мадина Асылбекова
Бөлісу: