27.11.2022
10:00
1407
Жетісайда полицейлер жоғалып кеткен екі жасөспірімді үйіне қайтарды

Жетісайда полицейлер жоғалып кеткен екі жасөспірімді үйіне қайтарды

25 қараша күні полицияға екі тұрғын жүгінді. Олар 24 қараша сағат 19:30 шамасында кәмелетке толмаған балаларының сабақтан кейін белгісіз бағытта кетіп, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісай полициясының жеке құрамы жасөспірімдерді іздеуге бағытталды. 

Үздіксіз жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәуліктен кейін Асықата ауылының маңынан жоғалған жасөспірімдерді тапты. 

Олар туыстарына қайтарылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.