Жетісайда базар өртенді

26 Тамыз 2022, 12:19 1559

Өрттің нақты неден шыққаны белгісіз

Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz.

«Базардан шыққан өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған.

Өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз.


Бөлісу: