Жетісайдағы бір отбасының өмірін қиған қаралы оқиға жер үйде тұратын азаматтардың өрт қауіпсіздігіне қаншалықты немқұрайлы қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. ТЖМ өкілдерінің айтуынша, жеке тұрғын үйлердегі өрттердің басым бөлігі тұрғындардың өз әрекетінен немесе қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан туындайды.
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, подполковник Руслан Қайрақбаев жер үй секторындағы негізгі қауіптер мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіріп берді.
Жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтар өрт қауіпсіздігін сақтауда ерекше сақ болуы тиіс екенін айтты. Өйткені мұнда өрттің шығу қаупі көп жағдайда тұрғындардың өздерінің әрекетіне тікелей байланысты.
Қайрақбаевтың айтуынша, жер үйлерде туындайтын өрттердің негізгі себептері мыналар:
Иә, қыс мезгілі – өрт қаупінің күрт артатын кезеңі. Дереккөздерге сүйенсек, жылыту маусымы басталғалы елдегі тұрғын үй секторларында 300-ден астам өрт тіркелген. Бірақ былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17 пайызға азайған. Ал былтырғы жылыту маусымында 400-ден астам өрт оқиғасы тіркелді.
Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, қыс мезгілінде жылыту маусымы басталған кезеңде өрт қаупі айтарлықтай өседі.
Қыс мезгілінде жылыту маусымы басталысымен тұрғын үйдегі өрттердің саны едәуір артады. Осы уақытта адамдар пештерді, жылытқыш жүйелерді және әртүрлі жылыту құралдарын белсенді түрде қолданады, ал олардың дұрыс пайдаланылмауы көбіне өрттің шығуына себеп болады, – дейді ведомства өкілі.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымында алдын алу шараларын күшейтеді. Үйлерді аралау, рейдтер ұйымдастыру, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қауіпсіздік нұсқаулықтарын тарату сияқты кешенді профилактикалық жұмыстар атқарылады.
Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, өрттің туындау себептері ауыл мен қалада түбегейлі ерекшеленбегенімен, белгілі бір айырмашылықтар бар.
Ауылдық жерлерде тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі пештерді отын және көмір жағатын жылыту жүйелерін кеңінен қолданады. Соған байланысты пештердің, түтін құбырларының және олардың дұрыс күтілмеуінен туындайтын қауіптер жоғары саналады.
Ал қаладағы жеке үйлерде электр жабдықтарының саны көп әрі желілерге түсетін жүктеме жоғары. Сол себепті қалалық жерлерде өрттің негізгі себебі – электр желілерін және электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, олардың шамадан тыс жүктелуі немесе ақаулы болуы.
Иә, ауылдық жерлерде өрттердің 55-60%-ы пеш жағудан шығады. Көмір, ағаш жағатын дәстүрлі пештер басым, түтін құбырлары жылдар бойы тазаланбай, қабырғасында қара май мен күл қалың қабат болып жиналады. Бұл өте қауіпті. Сондай-ақ пештің жанында киім-кешек, ағаш, жанғыш заттар ілулі тұрады. Ауылда пештен шыққан өрт бірден бүкіл үйді жалмайды.
Қала маңы мен облыс орталықтарындағы жеке үйлерде керісінше өрттердің 65-70%-ы электрден болады.
Үйлер газбен жылытылады, бірақ қыста қосымша электр жылытқыштар қосылады. Ескі алюминий сымдар мұндай жүктемеге шыдамайды, қызып, тұйықталып, өрт шығарады. Көбінесе түнде ұйықтап жатқанда болады. Яғни, ауылда «оттың» үлесі басым, қалада «электрдің» үлесі басым. Бірақ екеуінде де ортақ нәрсе – тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеуі.
Пешпен жылытатын үйлер үшін өрт қауіпсіздігінің ең маңызды ережелері Қазақстан Республикасы Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1-бөлімінің 4-тарауында нақты жазылған.
Ведомства өкілінің айтуынша, негізгі талаптар мыналар:
Бұл талаптар әсіресе көмірмен және отынмен жылытатын үйлер үшін маңызды, өйткені қатты отын пайдаланылған жағдайда пештің қызу қарқыны жоғары болады және түтін жолдарында күйе жылдам жиналады.
Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу – тұрмыстық өрттердің ең кең тараған себептерінің бірі.
Тозған немесе зақымданған электр сымдары қызуға және қысқа тұйықталуға әкеліп, өрттің шығуына тікелей себеп болуы мүмкін. Ал рұқсатсыз, сапасыз немесе өздігінен қосылған электр құрылғылары мен желі элементтері қауіп деңгейін бірнеше есеге арттырады.
Сондықтан маман электр желілерін жүйелі түрде тексеріп тұруды, ал ақау байқалған жағдайда жөндеу немесе қайта монтаждау жұмыстарын міндетті түрде білікті электрикке жүктеуді ұсынады.
Ведомства өкілінің сөзінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес газбен жабдықтау жүйелеріне бақылау жүргізу ТЖМ құзыретіне кірмейді. Дегенмен газды пайдалану қауіпсіздігі тұрмыстағы ең маңызды мәселелердің бірі.
Газбен жылытатын немесе газ плитасын қолданатын үйлер келесі міндетті талаптарды сақтауы тиіс:
Руслан Қайрақбаев пеш пен түтін шығаратын құбырларды жылыту маусымы басталар алдында және маусым бойы тұрақты түрде тазалау өрттің алдын алудың маңызды шараларының бірі екенін айтады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес тазалау мерзімділігі мынадай:
Маманның айтуынша, түтін жолдарын уақытылы тазаламау күйенің жиналуына, түтіннің кері тебуіне және жану қаупінің артуына әкеледі.
Күні кеше Түркістан облысында бүтін бір әулеттің өмірін қиған қайғылы өртті Төтенше жағдайлар министрлігі тілсіз жаудың тұтануына ақауы бар электр ұзартқыш себеп болған болуы ықтимал екенін айтады.
Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, өрт басталған кезде, жер үйде немесе кез келген ғимаратта болсын, ең алдымен «101» немесе «112» нөмірі арқылы өртке қарсы қызметке хабарлау қажет.
Содан кейін мүмкін болса, ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау керек. Эвакуация кезінде есікті жабу өрттің таралуын біршама тежейді.
Мүмкіндік болса, өртке қарсы қызмет келгенге дейін өзіңнің қауіпсіздігіңді сақтай отырып өртті сөндіруге әрекет жасауға болады. Алайда, басты ереже – өз өмірің мен денсаулығың қауіпсіздігі ең маңызды.
Cоңғы бес жылдағы статистика тұрғын үйлердегі өрт санының біртіндеп азаю үрдісін көрсетеді. 2022 жылмен салыстырғанда кейінгі жылдары өрт оқиғаларының саны төмендеп келеді.
Маманның айтуынша, бұл көрсеткіштің төмендеуіне профилактикалық шаралардың күшеюі, рейдтердің жиі өтуі және халық арасында өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттандыру жұмыстарының артуы әсер еткен.
Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, өрт қауіпсіздігі қағидалары жеке тұрғын үйлерге эвакуация жоспарын жасауды міндеттемейді. Дегенмен төтенше жағдай кезіндегі жеке және отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр азамат өз үйінің ішінде қауіпсіз әрекет алгоритмін алдын ала белгілеп қойғаны өте маңызды.
Мәселен эвакуациялық жолдарды соның ішінде кіреберіс, шығу есігіне апаратын өтпе жолдар, баспалдақ маңдары әрдайым ашық болуы тиіс. Жиһаз, тұрмыстық заттар, қораптар шығу бағытын тарылтпауы керек.
Кей жағдайларда өртті сумен сөндіруге қатаң тыйым салынады, себебі бұл әрекет жағдайды күрделендіріп, қауіп-қатерді арттыруы мүмкін екенін айтады. Май немесе жанғыш сұйықтықтардың жануы кезінде үстіне су құйған кезде жалын жан-жаққа шашырап, өрт одан әрі өрши түседі.
Суды қолдану кезінде электр тогымен зақымдану қаупі өте жоғары. Мұндай өрт түрлерін тек арнайы өрт сөндіргіштермен (көмірқышқылды немесе ұнтақты) сөндірген дұрыс.
Жер үйлерде өрттің жиі шығуына тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы негізгі себептердің бірі екенін айтады.
Жиі кездесетін қателіктер мыналар:
Қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарау.
Руслан Қайрақбаев жер үйде тұратын азаматтарға қауіпсіздікті күшейту үшін бірнеше қарапайым, бірақ өте тиімді кеңес ұсынады.
Мамандардың айтуынша, жер үйлердегі өрттердің басым бөлігі алдын алуға болатын жағдайлар. Электр сымын уақытында ауыстыру, пеш пен мұржаны жүйелі тазарту, газ және жылыту жабдықтарын дұрыс пайдалану сияқты қарапайым ережелер кейде тұтас бір отбасының өмірін сақтап қала алады. Соңғы жылдары профилактикалық шаралардың артқанымен, жеке сектордағы өрт қаупі әлі де жоғары. Сондықтан әр тұрғын өз үйіндегі қауіпсіздікке өзі жауапты екенін түсінуі тиіс.