Жетіқарада жеке тұрғын үй өртенді

7 Мамыр, 20:05 981

Қостанай облысының Жетіқара ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Үй аумағы - 83 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктер оқиға орнына дереу жетіп, өртті дер кезінде сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз,-делінген министрлік мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: